$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2020, 18:19
Қоғам

40 мыңнан астам медицина қызметкері 10 млрд теңге үстемақы алады

Жалпы, осы жылдың наурыз-тамыз айларында медқызметкерлерге 73,7 млрд теңге сомасында үстемақы төленді 

40 мыңнан астам медицина қызметкері 10 млрд теңге үстемақы алады
Фото: ашық дереккөзден

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, 40 мыңнан астам медицина қызметкері 10,1 млрд теңге көлемінде үстемақы алады. Қазіргі уақытта үстемақы алатын дәрігерлердің тізімін қалыптастыру үшін өңірлік комиссия жұмысы жүргізілуде, деп мәлімдеді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

«Тізімдерді ұсынғаннан кейін Қор ай сайынғы қосымша ақыларды төлеуге кіріседі. Біз бұл жұмысты әдеттегідей, осы айдың 20-на дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Болат Төкежанов.

Айта кету керек, инфекциямен қауіпті жағдайларда жұмысқа шыққан медицина қызметкерлерінің саны эпидемиологиялық жағдайға байланысты ай сайын өзгеріп отырады.

«Мәселен, наурыз айында коронавируспен жұмыс істеуге 19 мың медицина қызметкері тартылса, ең көбі шілдеде тіркелді, яғни, олардың саны 79 мыңға жетті», - деді Болат Төкежанов.

Жәрдемақыны ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

Жалпы, осы жылдың наурыз-тамыз айларында 73,7 млрд теңге сомасында үстемақы төленді.

Серіктес жаңалықтары