$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2020, 16:53
Қоғам

Қазақстанда мультисистемалық қабынудан екі бала қайтыс болды

Олардың бірі Нұр-Сұлтанда, бірі Алматыда бллған

Қазақстанда мультисистемалық қабынудан екі бала қайтыс болды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Республика бойынша мультисистемалық қабыну синдромы 45 балада анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

«Ең көп жағдай елордада тіркеліп отыр – 11 бала. Ақмола, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында – 5 жағдай, ШҚО, Шымкент қаласында – 3 жағдай, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде тағы да 2 жағдайдан, Алматы қаласы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстарында бір-бір жағдайдан тіркелді. Қазіргі уақытта 38 бала жазылып шықты. Біреуі стационарда әлі де емделуде. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 бала қайтыс болды», - деді министрліктің ресми өкілі.

Жас ерекшелігіне келсек, мультисистемалық қабынуға шалдыққандардың арасында 1 жасқа толмаған екі бала бар. 1 және 5 жас аралығында 11 бала және бестен 17 жасқа дейін 28 бала ауырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары