COVID-19: Өңірлердегі ауруханалардың науқастарды қабылдауға дайындығы пысықталды
Онлайн-семинарда барлық облыста бірқатар проблема бар екені айтылды
Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық ұйымдардың COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдауға дайындығы пысықталды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен «МСАК ұйымдарының COVID-19 шалдыққан пациенттерді қабылдауға дайындығы» тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Жиынға амбулаториялық-емханалық ұйымдардың басшылары мен өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.
«Өңірлер мобильді, ЖМК бригадаларымен, сондай-ақ пульсоксиметр, термометр, ЖҚҚ қамтамасыз етілгенімен, барлық облыста бірқатар жүйелі проблема барын атап өткен жөн. Осыған байланысты біз семинар-тренинг ұйымдастырдық», - деді вице-министр.
Семинар барысында МСАК ұйымдарының басшылары ЖРВИ және COVID-19 шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге дайындық барысымен бөлісті.