Алматыда кәріз қызметінің құны қымбаттауы мүмкін
Суық су тарифі 2025 жылға дейін өзгермейді
Жаңа тариф енгізілсе қала тұрғындары кәріз қызметі үшін қазіргідей 25,92 теңге емес, 33,69 теңге төлейтін болады деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. «Алматы су» МКК баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәріз қызметінің тарифі соңғы бес жылдан бері өзгермеген.
Ведомствоның мәліметінше, алматылықтар республиканың өзге тұрғындарынан қарағанда кәріз қызметі мен суық суға ақыны аз төлейді екен. Қазір бағаны көтеру туралы ұсынысты мекеме өкілдері Табиғи монополияларды реттеу агентігіне жолдаған. Мұнан кейін қоғамдық қабылдауда талқыланады. Ал, суық судың тарифі 2025 жылға дейін өзгертпейміз дейді олар. Қазір оның 1 текше метрі – 50,01 теңге.
Заңды тұлғаларға қолданатын тариф басқа. Олар бұған дейін 1 текше метр лас суды ағызғаны үшін 52,61 теңге төлеп келсе, тариф өзгергеннен кейін 68,39 теңгеге шығынданады. Ал, суық су бағасы 152,73 теңгеден 168,01 теңгеге дейін өседі деп күтілуде.
«Тарифті өсіру арқылы кәсіпорын тозығы жеткен құбырларды жаңартып, жұмысшылардың жалақысын өсіреді. Қазір «Алматы Су» МКК жұмысшыларының орташа жалақысы 109 мың теңгені (салық пен зейнетақы ұстауларын есептемегенде) құрап отыр. Жалақыны өсіру керек. Қазір біз ұсынысты Табиғи монополияларды реттеу агентігіне таныстырдық. Құн көтерліген соң 5 жыл өзгермейді», - деді «Алматы су» МКК баспасөз қызметінің өкілі Ақбота Жылысова.
Кәсіпорын құнды көтеру арқылы тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартып, модернизациялау, технологияларды автоматтандыру, Алматы қаласының су мен кәріз қызметінің өндірістік процестерін әрі қарай дамытып, жақсартуды көздеп отыр. Коммуналдық төлемдер бағанында суық су мен кәріз қызметінің үлесі 4-5 пайыздан аспайды. Бұл қызметтер үшін қаладағы бір отбасы ай сайын орташа алғанда 600-700 теңге төлейді екен.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы