СҚО-да 5 мектеп пен балабақшада коронавирус ошағы тіркелді

СҚО-да 5 мектеп пен балабақшада коронавирус ошағы тіркелді

Жаңа оқу жылының басынан бері СҚО-да коронавирусқа шалдыққан 20 бала тіркелді. Оның 13-і қашықтықтан білім алып жатса, қалғандары мектепке барып жүрген оқушылар. Алғашқылары ауруды отбасында жұқтырған. Індет ошағы 5 мектеп пен бір балабақшада тіркелді, деп хабарлайды «Azattyq Rýhy» тілшісі.

СҚО тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, соңғы жағдай Петропавл қаласындағы БЭСТ мектеп-лицейінде тіркелген. Оқушы 28 қыркүйек күні сабаққа қайта барады. 

«Облыс орталығындағы Дарын мектеп-лицейінде 3 жағдай тіркелді. Олармен байланыста болған 109 адам талдау тапсырды. Коронавирус расталған жоқ. Балалардың басым көпшілігі сиптомсыз немесе жеңіл түрде ауырды. Қызылжар ауданындағы балабақшалардың бірінде коронавирус ошағы тіркелді. Бала ем қабылдап жатыр, мұрынның бітелуінен басқа сиптом болған жоқ. Коронавирус талдау нәтижесінде ғана анықталды. Егер шағын мектеп болса, барлық ұжым 1 аптаға карантинге жіберіледі. Ал оқушылары бір-бірімен араласпайтын ірі мектептерде жекелеген сыныптар ғана жабылады. Қалғандары білім алу процесін жалғастыра береді», - дейді СҚО тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.