Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Аружан Саинмен кездесетін болды
Кеше ғана Бала құқықтары жөніндегі уәкіл министрмен жолығу мүмкін емес деп шағымданған болатын
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның министр Алексей Цойға жолдаған ашық хатына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«А. Саинның көтерген мәселесі елімізде ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді. Менің ойымша, қазір оны шешетін уақыт келді. Бұл мәселені Аружан Саин көтерді. Бүгін таңертең Денсаулық сақтау министрі Аружан Саинмен телефон арқылы сөйлесті. Олар дүйсенбі күні кездесіп, егжей-тегжейін тағы бір рет талқылауға келісті», - деді Кожахметов елордада өткен онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, науқас балаларға қажетті шетелдік препараттар Қазақстанда тіркелу рәсіміне енгізілмеген. Бұл мәселемен Үкімет деңгейінде балалар омбудсмені мен Денсаулық сақтау министрлігі айналысады.
Айта кетерлігі, муковисцидоз, буллезді эпидермолиз, эпилепсия және басқа да сирек аурулары бар балалардың барлығы Денсаулық сақтау министрлігінде есепте тұр. Оларға өте қымбат тұратын дәрі-дәрмектер қажет.