Биыл Қазақстанда пойыз жолаушыларының саны екі есеге дейін азайған
Жүк тасымалы керісінше артқан

Қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда теміржол арқылы 267,2 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4% көп, деп хабарлайды energyprom.kz.
Ал 8 айдың қорытындысы бойынша, теміржол арқылы тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн адамды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге дейін аз (49,6%) көрсеткіш. Тамыз айында 828,9 мың жолаушы тасымалданған, бұл өткен аймен салыстырғанда 16,9% жоғары көрсеткіш.
Тамыз айында жолаушыларға көрсетілетін теміржол көлігі қызметі 9,9%-ға қымбаттаған. Әсіресе, қымбатшылық Түркістан (23,8%), Ақмола облыстарында (15,8%) және Алматы қаласында (15,1%) байқалған. Сондай-ақ Ақтөбе (0,1%), Қызылорда (1,5%), Батыс Қазақстан облыстарында да (1,6%) қымбатшылық байқалды.