11.09.2020, 10:53
Қоғам
13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көліктердің жұмысы бір күнге тоқтатылады
Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі
Фото: Батыржан Беспаев
13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Ол күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясы.
«Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 23:00-ге дейін. Дүйсенбі күннен бастап, 14 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар линияға шығады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
