$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2020, 10:13
Қоғам

СҚО-дағы ауданға Сәбит Мұқановтың есімі берілмек

Биыл жазушының 120 жылдық мерейтойы аталып өтуі тиіс еді

СҚО-дағы ауданға Сәбит Мұқановтың есімі берілмек

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тимирязев ауданының атауы өзгертілмек. Енді ол жазушы Сәбит Мұқановтың есімімен аталады, деп хабарлайды «Azattyq Rýhy» тілшісі.

Өткен жылы СҚО ономастикалық комиссиясы аудан әкімшілігінен Тимирязевтың атауын С.Мұқанов ауданы етіп өзгерту жайлы ұсыныс жасаған. Мамандар шешім қабылдау барысында жергілікті халықтың да пікірі ескерілгенін атап өтті.  

«Аталған мәселе облыстық ономастика комиссиясында қаралып, республикалық деңгейге жіберілген еді. Оның қорытындысына сәкес ауданға жерлес жазушының есімін беру ұйғарылды. Қазіргі таңда бұл жұмыс жалғасуда. Аудандағы барлық ауылдық округтерде тұрғындармен жиындар өткізіліп, сол жиындарда аудан тұрғындарының пікірлері, ұсыныстары тыңдалып олардың қолдауына ие болды. Енді жылдың соңына дейін Тимирязев ауданының атауы С.Мұқанов болып өзгереді деген сенімдеміз», - дейді облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Ернияз Сұлтанов. 

Жалпы, соңғы екі жылда облыстық  ономастикалық комиссияның 8 отырысы өтіп, Солтүстік Қазақстанда 4 ауылдық окуругтің, 5 елді мекен мен 150-ден астам көшенің атауы ауысқан. Одан бөлек былтырдан бастап Қызылжар ауданында 120 көшенің атауын өзгерту бойынша жұмыс атқарылып, жуырда нақты шешім қабылданыпты. Ал Тимирязев ауданына С.Мұқановтың есімін беру шаралары қазір уақытша тоқтаған. Себеп індетке байланысты халық санағының 2021 жылға көшірілуі. Дей тұрғанмен бұл бастама жыл соңына дейін оң шешімін табуы мүмкін.

Биыл қазақтың аса көрнекті акдемик-жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл. Мерейтойды біртуар тұлғаның туған жерінде атап өту жоспарланған еді. Алайда пандемияға байланысты бұл шараны өткізу мүмкін болмады.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары