ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Карантин кезінде табысынан айырылған 2,4 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасты

Фотоколлаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Шілде айында енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең біржолғы төлемді табысынан айырылған 2 млн 406 мың қазақстандық алды. Сондай-ақ, 2,4 млн адам карантиннің ұзартылуына байланысты тамыз айы үшін 21 250 мың теңге (0,5 ЕТЖ) мөлшерінде қосымша ақы алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, 5 шілдеден бастап Қазақстан аумағында күшейтілген карантин режимі енгізілді және бұл режим 17 тамызға дейін созылды. 

Сондай-ақ Еңбек министрлігі 42 500 теңге көлеміндегі біржолғы төлемді алуға құқығы жоқ деп танылған тұрғындардың өтініші 1 желтоқсанға дейін қайта қаралатынын жеткізді.