Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1,2 мыңнан астам дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды
Індеттен қайтыс болған 10 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді
Медсақтандыру қоры COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 1208 медицина қызметкеріне өтемақы төледі. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 8 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды.
Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (227) және Алматы қалаларының (128), Алматы (99), Қарағанды (95) Ақмола (94) облыстарының медицина қызметкерлері.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.