Сотталған азаматтардың туыстарымен кездесуіне қайта рұқсат беріледі
Ұзақ мерзімді кездесулер екі тәуліктен аспайды және алдын ала жазылу арқылы ұйымдастырылады
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сотталғандардың туыстары және жақындарымен кездесуі үшін дайындық шаралары жүргізіліп жатыр, Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
«Бұл шара мекемелерде кездесуді қайта қалпына келтіру дайындығына баға беретін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп атқарылуда. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі де бар екенін ескере отырып, ұзақ мерзімді кездесулер бір ғана ересек адамға, ПТР-тестілеудің теріс қорытындысы болған жағдайда беріледі және анализ нәтижесі берілгеннен мерзімнен бастап бес күннен аспауы тиіс. Бұл ретте қысқа мерзімді кездесулер барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып әдеттегідей тәртіпте берілетін болады», – дейді ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов.
ҚАЖ комитетінің хабарлауынша, Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді кездесулер екі тәуліктен аспайды және алдын ала жазылу арқылы ұйымдастырылады. Ұзақ мерзімді кездесуден шыққан жазасын өтеушілер 14 күндік карантинге орналастырылып, өзге адамдардан оқшауланады. Бұл шаралардың барлығы сотталғандардың ауруды жұқтырмауы үшін және колонияларда тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында қабылданып жатыр.
ҚАЖ комитеті кездесулер тоқтатылған уақытта телефон және бейнебайланыс арқылы сөйлесуге жағдай жасалған. Осы уақыт аралығында сотталғандарға 18 мың бейнебайланысқа, телефон арқылы 350 мыңға жуық және ұзақтығы 15 минутты құрайтын бейнесөйлесуге, бес мыңдай адам ұзақтығы екі сағаттан бейнекездесуге мүмкіндік алған.