Министрлік дәрі-дәрмектің қымбаттағаны туралы хабарламаға пікір білдірді

Мониторинг агенттігінің  мәліметінше, 2019 жылы қыркүйекте дәрі-дәрмек бағасы 8,2 пайызға өскен

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова Energyprom.kz мониторинг агенттігі ұсынған дәрі-дәрмек бағасының 8 пайызға қымбаттауын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл тек бағам айырмасы болуы мүмкін, деп хабарлайды Tegrinews.kz

Energyprom.kz мәліметінше, 2019 жылы қыркүйекте дәрі-дәрмек бағасының өсімі 8,2 пайызға жеткен, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 7 пайызға тең болған еді. Негізінен витаминдер - 11,4 пайызға, анальгетиктер - 10,6 пайызға, сондай-ақ корвалол және антибиотиктер 9,3 пайызға қымбаттаған. 

79 пайыз дәрі-дәрмек Қазақстанда сатылымның бөлшек саудасы арқылы жүргізіледі, яғни тұрғындар өз қаражатына дәріханадан тұтынады. 

Сұхбат
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр
Бірінші дәрежедегі маманның айтуынша, Қазақстандағы әрбір бесінші-алтыншы әйел қалқанша без ауруына шалдыққан
Саясаттанушы АҚШ мемхатшысы Майк Помпеоның Орталық Азия елдеріне жасаған сапары нені көздейтіне кеңінен тоқталды
Қазір ол дәстүрлі исламға бет бұрғанын айтады