Ауасы ластанған мемлекеттер рейтингі жарияланды

Жарияланған:
06.11.2019, 23:49

Ауасы ластанған мемлекеттер үштігінде Үндістан, Пәкістан мен Бангладеш тұр

Үндістанның солтүстігінде ауаның ластану деңгейі экстремалды сипат алып, бұл бүкіл Азия қалаларындағы ауа сапасына назар аудартты, деп жазады ВВС.

Басылымның жазуынша, Бейжің бұрыннан қара түтінімен әлемге танымал. Дегенмен, жаңа рейтинг көрсеткендей, ауасы ластанған мемлекеттер үштігінде Үндістан, Пәкістан мен Бангладеш тұр.

«Швейцарияның IQ AirVisual компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, бүкіл әлем бойынша ауаның сапасы туралы мәліметтерді жинаған. Олардың айтуынша, әлемдегі ең ауасы ластанған 30 қаланың 22-сі Үндістанда орналасқан, ал қалған сегізі Пәкістан, Бангладеш пен Қытайда. Бір қызығы, бұл тізімде 122-орын алатын Бейжің жоқ», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, рейтингте Азия қалалары көш бастап тұр.

«Мемлекеттер бойынша рейтингте Бангладеш, одан кейін Пәкістан мен Үндістан тұр», - деп жазады автор.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Қазақстанда былтыр 700-ге жуық адам алкогольден уланып өлген
Қазақстанда ұялы байланыс операторларының қызметі қымбаттай ма?
Денис Теннің аты энциклопедияға енді

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.