$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2020, 16:44
Қоғам

Елорда әкімдігі үлескер тартуға рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімін жариялады

Олардың кейбірі үлескерлерден ақша жинау үшін жылжымайтын мүлікті сату туралы жарнама берген

Елорда әкімдігі үлескер тартуға рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімін жариялады
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласында үлескер тартуға тиісті рұқсат құжаттары жоқ құрылыс ұйымдары мен салынып жатқан жобалардың тізімі анықталды. Бұл туралы тізім қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.  

Әкімдіктің хабарлауынша, сарапшылар «Astana құрылыс» құрылыс фирмасы ЖШС және «Лея» құрылыс компаниялары үлескерлерден ақша жинау үшін қажетті рұқсат құжатынсыз жылжымайтын мүлікті сату туралы жарнама жариялаған. Демек, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның 23-бабы бұзылған.

«Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі тұрғындарға қаражат саларда мұқият болуды сұрайды және компанияның рұқсат қағазы болмаған жағдайда, баспана сатып алуға кеңес бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, тиісті рұқсатсыз үлескерлерден қаражат тартуға Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңымен тыйым салынған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған», - делінген хабарламада.

Толық тізім төменде көрсетілген. Онда тапсырыс беруші мен нысан атауы қатар берілген:

  • 1) «BS Company» ЖШС - Комсомольский т.а. СҮ және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй, Қыз Жібек к-сі, 30/1
  • 2) «Samir Construction» ЖШС - «Инжу Ишим» көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы С-409 көшесі
  • 3) «Шанг Хи Групп» ЖШС – «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы «Expo new life» көп функционалды кешені, 2-кезек
  • 4) «White Gold Development» ЖШС - Жапсарлас салынған үй-жайлары және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, № 26 және № 36 жобалық атауымен тұйық көшесі
  • 5) «First LQ» ЖШС - Қабанбай батыр даңғылы мен 277-көше қиылысындағы ЖҮ және паркингі бар КТК
  • 6) «International invest Company IIC» ЖШС - Е.305 көшесіндегі ЖҮ және паркингі бар КТК
  • 7) «Transcapital» ЖШС - ЖҮ және паркингі бар КТК, Е 344 к-сі, № 5 учаске
  • 8) «АстанаСтройДом» ЖШС - ЖҮ және паркингі бар КТК «Техникум-2» ТК , Е367 к-сі
  • 9) «Азия» ЖШС - ЖҮ және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй салу Сыртқы және инженерлік желілерсіз. Е547 және Е567 көш.
  • 10) «Ақтас-М» ЖШС - Паркингі бар көп функционалды-әкімшілік-тұрғын үй кешені. Уәлиханов-Ақмола-Гастелло-Тархан көшелерінің шаршысында 1-кезек.
  • 11) «Спутник 2» ЖШС - Кенен Әзірбаев және А98 көшелерінің жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингтері бар «Юпитер» көппәтерлі тұрғын үй кешені
  • 12) Qaz Build ЖШС - Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингтері бар көппәтерлі тұрғын үй кешені
  • 13) «Astana Building құрылыс компаниясы» ЖШС - ЖҮ және паркингі бар КТК Б блогы. 2-кезек. Ж. Нәжімеденов к-сі. Промышленный тұрғын алабынан оңтүстікке қарай.
  • 14) «Жетісу» ЖШС - Офистік үй-жайлары және паркингі бар Рамазан көппәтерлі тұрғын үй кешені, А 296, А297 және Қордай көшелері 
  • 15) «Градум Строй» ЖШС – «Золотая миля» көппәтерлі тұрғын үй кешені, Ш. Қалдаяқов, №44 көшелердің және Тәуелсіздік даңғылының қиылысы
  • 16) «Техмонтажстрой» ЖШС - Көп функционалды тұрғын үй кешенінің 1-кезегін салу, Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысы
  • 17) «Байтас инвест» ТҚК - «One house»  көппәтерлі тұрғын үй кешені, Комсомольский т.а., Ақан сері к-сі, №53 учаске
  • 18) «Mainstreet» ЖШС - «Парус» көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы Майлин көшесінің бойында, 6-үй
  • 19) «Zeta construction» ЖШС - Көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы Бұхар жырау к-сі, 34/2 учаске
  • 20) «Айзия КЗ» ЖШС - «Армантау Комфорт»  көппәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы А.Байтұрсынов к-сі  А 77 мен А 78 көшелерінің қиылысы
  • 21) «Akan engineering» ЖШС - «Атлетик» көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы Тұран даңғылы мен Ұлы дала көшесінің қиылысы
  • 22) «Астанатранстрой» ЖШС - Есіл өзенінің маңында (жобаланатын) Кенесары көшесінен солтүстікке қарай «Маяк» көп пәтерлі тұрғын үй кешені
  • 23) «Алуа строй» ЖШС - «Бозбиік» көппәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Бозбиік к-сі, 1/1 учаске
  • 24) «Gpark» ЖШС - «Варшава» көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Ә. Бөкейхан көшесі
  • 25) Хасенова Бибисара Закириевна - ЖҮ және паркингі бар КТК, Тельман т.а., Е 116 к-сі
  • 26) «Лея» ЖШС - «Лея за рекой» көп пәтерлі тұрғын үй,  Есіл ауданы №26 және 37 к-сі
  • 27) «Лея» ЖШС - «Лея север» көппәтерлі тұрғын үй Алматы ауданы Кордай к-сі
  • 28) «Лея» ЖШС - «Лея station city» көппәтерлі тұрғын үй, Алматы ауданы А 62 және А 91
Серіктес жаңалықтары