Новости спорта, футбол, КПЛ

Нұр-Сұлтанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды

Бүгіннен бастап елордалық ХҚКО-лар қызмет алушыларды дүйсенбі-жұма күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды

Нұр-Сұлтанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды
Фото: Батыржан Беспаев

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен елордалық ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі, 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының хабарлауынша, бүгіннен бастап елордалық ХҚКО-лар қызмет алушыларды дүйсенбі-жұма күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайтын болады. Дегенмен, құжаттандыру бөлімі (жеке куәлік, паспорт) жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ге дейін қызмет көрсетеді.

«Авто-ХҚКО да құжаттар жұмыс және сенбі күндері 09:00-ден 18:00 –ге дейін қабылданса, дайын құжаттар 09:00-ден 20:00-ге дейін берілетін болады. Сондай-ақ, әлі де карантин жағдайы сақталғандықтан, ХҚКО-да алдын ала брондау арқылы және тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Қызмет алушылар ХҚКО-ға келуін eGov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады»,- делінген хабарламада.

Ал электрондық қызметтер жеңілдік терезелерінде зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен көп балалы отбасылардың мүшелеріне ғана көрсетіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.