15.08.2020, 14:55
Қоғам
Астанада карантин кезінде базарда жұмыс істеген кәмелетке толмаған балалар анықталды
Олардың ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары карантин кезінде бала еңбегін эксплуатациялау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шанхай», «Биг-Шанхай» базарларында жүргізілген рейд барысында жазғы каникул кезінде балалар еңбегін қанау фактілері анықталды. Полиция қызметкерлері базарларда сауда жасап, кафелерде жұмыс істеп жүрген оннан астам баланы тапты. Олар карантин кезінде сағат 08.00-16.00 аралығында қоғамдық орындарда жүрген», - деп жазылған хабарламада.
Балалардың ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылды. Ал кәмелетке толмаған баланы жұмысқа алған кафе иесіне 15 АЕК (шамамен 41 мың теңге) айыппұл салынды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды