$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.08.2020, 13:47
Қоғам

Балалар қауіпсіз жағдайда оқуы керек - елорда әкімі білім беру нысандарын жөндеу туралы

Биыл Нұр-Сұлтанда 26 білім беру нысаны жөнделеді

Балалар қауіпсіз жағдайда оқуы керек - елорда әкімі білім беру нысандарын жөндеу туралы
Фото: astana.gov.kz

Биыл Нұр-Сұлтанда 26 білім беру нысаны жөнделеді. Бұл туралы Алтай Көлгінов инстаграм парақшасына жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Бүгін жұмыс уақытына дейін бірқатар әлеуметтік нысанды аралап балабақшалардағы (№ 37 «Арман» және № 32 «Балдәурен» бөбекжайы) күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қадағаладым. Мұндағы жөндеу жұмыстары карантин басталғаннан бері жүріп жатыр. Жөндеп жатқан мекемелердің шатыры мен іргетасына назар аудару қажет. Себебі кейбірінің терезесінен жел үрлеп тұрады. Ал балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы басты назарда болуы қажет», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, биыл 26 білім беру нысаны жөнделеді. Олардың қатарына мектептер, балабақшалар, колледждер бар. Жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Бұл бағдарлама аясында 15 мың адам жұмыспен қамтылмақ.

Серіктес жаңалықтары