$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2020, 03:10
Қоғам

Қызылордада монополист-кәсіпорынға 17,5 миллион теңге айыппұл салынды

2 әкімшілік іс қозғалды

Қызылордада монополист-кәсіпорынға 17,5 миллион теңге айыппұл салынды

«Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі kyzylorda-news.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қызылорда су жүйесі» МКК-ға қатысты 2 әкімшілік іс қозғады. 

«Субъект «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 15), 16) тармақшаларында айқындалған міндеттерді сақтамағаны үшін, атап айтқанда, бекітілген тарифтік сметаны және бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін жазаланды»,- делінген хабарламада.

Нәтижесінде «Қызылорда су жуйесі» МКК Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабы, бесінші бөлігі бойынша 17,5 млн. теңгеге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта Департаменттің әкімшілік айыппұл салу туралы қаулылары заңды күшіне енген жоқ және субъект оларға шағымдануға құқылы.

Серіктес жаңалықтары