$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2020, 16:37
Қоғам

Петропавлдағы әйелдер түрмесінде сұлулық байқауы өтті

Жазасын өтеушілер шаш үлгісінің алуан түрін жасаған

Петропавлдағы әйелдер түрмесінде сұлулық байқауы өтті

Қыз-келіншек атаулының жаны әдемілікке құштар. Бас бостандығынан айрылып, темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатса да, әйелдер сұлулық әлемінен қол үзген емес. Петропавл қаласындағы ЕС-164/6 түзету мекемесінің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімі жазасын өтеушілер арасында ең үздік шаш үлгісі байқауын өткізді. Байқауға қатысушылар қажетті керек-жарақтарын алдын ала әзірлеп, өздерінің шығармашылық жұмыстарының тұсаукесерін жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Олар бұл жарыста барын салып, шаш қою өнерінің қыр-сырына әбден қанық екендерін көрсете білді. Әсемдік әлеміне терең үңілген әйелдердің қиялы қазылар алқасы мүшелерін таң қалдырды.

1-ші отрядта жазасын өтеушілер түрлі салтанатқа арналған классикалық шаш үлгісін таңдап, моншақ, лента және гүлдерді шебер қолдана білді. 2-ші отрядтағылар «Модерн» стилін жөн көріп, ассиметрия мен шаш өруден бар өнерлерін паш етті. Ал 3-ші отрядтағы әйелдер каре, шаш бұйралау және диадемамен әшекейлеуден алдына жан салмай, осы заманғы шаш үлгісінен хабардар екендерін көрсете білді. 

«Жазасын өтеп жатқан әйелдердің бет-әлпеті сол заматта өзгеріп, құлпыра түскендері соншалық, оларды бірден танудың өзі қиынға соқты. Осындай шығармашылық шаралар жаза басқан әйелдердің көңіл-күйін көтеріп, бір серпіліп қалуына септеседі.  Қатысушылар байқауға кәдімгідей дайындалды. Қиялдарына ерік беріп, шаш үлгісінің алуан стилін жасап шығарды. Тәрбиелік мақсатты көздейтін осындай шаралар түзету мекемесінің қабырғасында үнемі өткізіліп тұрады. Олардың өмірден адасқан жандарғадың өз жолын табуына сәл де болса көмектесері анық», - дейді ЕС-164/6 түзеу мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік - психологиялық жұмыс жөніндегі бөлімшесінің бастығы Оксана Вышар.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #түрме