Бүгін, 17:40
Қоғам

Он сегіз бала көкжөтел жұқтырған: Ақмола облысының әкімдігі жұқпалы ауруларға қатысты жағдайды бақылауда ұстайды

Мамандар вакцина арқылы тоқтатуға болатын аурулар жайлы ақпарат берді

Он сегіз бала көкжөтел жұқтырған: Ақмола облысының әкімдігі жұқпалы ауруларға қатысты жағдайды бақылауда ұстайды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысында эпидемиологиялық қауіпсіздік және маусымдық аурулардың алдын алу мәселелері ерекше бақылауда. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов вакцинамен басқарылатын инфекциялардың жағдайы және ЖРВИ сырқаттанушылығының өсуі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Спикер атап өткендей, вакцинация қауіпті инфекциялардан қорғаудың ең тиімді құралы болып қала береді, ал екпемен жоғары деңгейде қамту өңірдің эпидемиологиялық амандығын сақтауға көмектеседі.

Мамандарды алаңдатып отырған ауру – көкжөтел. Тоғыз айда облыста 18 бала көкжөтел жұқтырған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе артық. Серік Омарханов атап өткендей, ауырғандардың көбі вакцина алмаған балалар.

«Көкжөтел жұқтырғандардың бәрі балалар. Оның ішінде бір жасқа дейінгі 7 сәби бар. 18 баланың ішінде 15 бала немесе 83,3 пайызы көкжөтелге қарсы екпе алмаған», - деп мәлімдеді ол.

Ведомство басшысы бұған негізгі себеп вакцинациядан бас тарту екенін нақтылады.

Қызылша жағдайы бойынша 19,1 пайызға төмендеу байқалады, алайда жекелеген жағдайлар әлі де тіркеліп жатыр. Серік Омархановтың айтуынша, ауырғандар арасында ересектер басым, яғни, 100 адам немесе барлық ауырғандардың 54,9 пайызы, жасөспірімдердің үлесі 26,9 пайыз, ал балалардың салмағы 18,1 пайыз. Талдау көрсеткендей, егуден бас тарту осалдықтың негізгі факторы болып қала береді.

Бақылатын және қысқы кезеңде ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Маусым басталғалы бері ЖРВИ жұқтырған 15 196 адам тіркелді, оның ішінде науқастардың 68,8 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

«Биыл маусымда облыста қауіп тобындағы 66 230 адамға екпе егу жоспарланған, бүгінгі таңда 35 105 адам немесе жоспардың 53 пайызы екпе алған», - деді Серік Омарханов.

Қорытындылай келе, Серік Омарханов «вакцинация мен қарапайым профилактикалық шараларды сақтау халықтың денсаулығын қорғаудың маңызды шарттары болып қала беретінін, өйткені уақтылы салынған екпелер қауіпті инфекциялардың алдын алуға көмектесетінін еске салды.