Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысты: бірнеше адам жараланған (ВИДЕО)

Оқиға Шанхайский деп аталатын көпір маңында болған

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысты: бірнеше адам жараланған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасының кадрлары әлеуметтік желіде тарады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, апат «Шанхайский» деп аталатын көпір маңында болған. №11 бағыттағы Yutong маркалы маршруттық автобус пен ЗИЛ жүк көлігі соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен қоғамдық көлік жолаушылары ауруханаға түсті. Қазір осы факті бойынша тексеру жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары жол апатының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апаты туралы жазған едік.