$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2019, 14:10
Қоғам

Ливандықтармен болған жанжалдан кейінгі Теңіздегі ахуал (ВИДЕО)

Осы және басқа да мәселелерге байланысты «Азаттық рухы» тілшісі жергілікті жұмысшылардың пікірін біліп қайтты

2019 жылдың 29 маусымында Атырау облысындағы Теңіз кенішінде жергілікті және шет елдік жұмысшылар арасында жанжал шыққан еді. Осы мәселеден кейінгі Теңіздегі ахуал қандай? Жергілікті жұмысшылардың толқуынан кейін компания басшылығы жалақыны 6-7 пайызға өсірді және басшылық қызметке қазақстандық мамандарды тартуға уәде берген. Ал мұнайшылардың құқығын қорғайтын кәсіподақ өкілі Атырауда экспаттар мен жергілікті жұмысшылардың жалақы айырмасы 7 есеге дейін жеткенін айтады. Осы және басқа да мәселелерге байланысты «Азаттық рухы» тілшілері жергілікті жұмысшылардың пікірін біліп қайтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жанжал ливандық жұмысшының өз мессенджерлерінің бірінде қазақ қызының фотосын жариялаудан басталған. Ал, жергілікті жұмысшылар Ливия азаматының бұл әрекетін «қазақ қызының ар-намысын таптау» деп есептеген.

Серіктес жаңалықтары