09.09.2019, 17:49
Қоғам
Соңғы дерек: Арыс қаласында 259 жаңа үй салынды
Қаланы қалпына келтіру 20 қыркүйекке дейін жалғасады
Фото: miid.gov.kz
9 қыркүйекке дейін Арыс қаласында 7413 жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның 243-інде косметикалық жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлайды.
Құрылысшылар 259 жаңа үй тұрғызды, оның 136-да әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғын үйді жөндеу Арыстың 11 секторында, ал жаңа үйлердің құрылысы 8 секторда аяқталды. Сонымен қатар, құрылыс алаңдарында 4,2 мың жұмысшы еңбек етуде.
Бүгінгі таңда әскери полигонда жарылыстан зардап шеккен 68 әлеуметтік нысанның 62-ісі қалпына келтірілді. Сондай-ақ, құрылысшылар 322 бизнес-нысанды пайдалануға тапсырды.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды