$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2019, 16:18
Қоғам

СҚО-дағы ең жаңа ауыл (ФОТО)

СҚО-дағы алыс-жақын шет елдердегі қазақтар келіп қоныстанған Бәйтерек ауылы жайлы

СҚО-дағы ең жаңа ауыл (ФОТО)
Бәйтерек - Солтүстік Қазақстандағы ең жаңа ауыл

Солтүстік Қазақстан облысында алыс-жақын шет елдердегі қазақтар келіп қоныстанған Бәйтерек дейтін ауыл бар. Тоғыз жыл ішінде бұл ауылға 300-ден астам шаңырақ келіп қоныстанған. Әзірге ауылда инфрақұрылым толық дамымаған, спорт, мәдениет ошақтары мен өндіріс ошақтары ашылмаған. Назарларыңызға жаңа ауыл туралы фоторепортаж ұсынамыз. 

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданына қарасты Бәйтерек ауылы.

Бәйтерек ауылының қазығы 2010 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында қағылған.

Ауылда қазір 366 шаңырақ бар.

Бұл елді мекенде Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан сынды мемлекеттерден қоныс аударған қазақтар тұрады.

Ауыл халқының дені мал шаруашылығымен айналысады, аудан, облыс орталығына барып жұмыс істейтіндер де бар.

Фотолардың авторы - Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары