$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2020, 09:57
Қоғам

1 қыркүйектен бастап 2,6 млн бала сабақты қашықтан оқуды бастайды

Қалған 690 мың бала мектепке барады деп күтілуде

1 қыркүйектен бастап 2,6 млн бала сабақты қашықтан оқуды бастайды
elorda.info

Жаңа оқу жылын қазақстандық оқушылар қашықтан оқу форматында бастайтынын бұған дейін БҒМ хабарлаған болатын. Десе де, бірінші сыныпқа баратын жарты миллионнан астам бала ата-ана өтінішімен мектепке барады деп жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Біріншіден, шалғайдағы елдімекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды. Екіншіден, бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, кезекші сыныптарға өтініштер қолжетімді байланыс құралдары арқылы электронды түрде қабылданады.

Осылайша алдын ала болжам бойынша, интернет платформалар мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында – 2,6 миллион оқушы (79%), кезекші сыныптарда – 530 мың бала (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары