03.08.2020, 02:13
Қоғам
Қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова қайтыс болды
Маусым айында Төлеутай Рахымбеков Салтанат Рахымбекованың пневмонияға шалдыққанын жазған еді
Фото: ашық дереккөзден
Танымал қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова қайтыс болды. Бұл туралы оның жұбайы Төлеутай Рахымбеков Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Төлеутай Рахымбеков маусым айында Салтанат Рахымбекованың пневмонияға шалдыққанын жазған еді.
Салтанат Рахымбекова 1965 жылы 18 ақпанда дүниеге келген. Ол Қазақстан Азаматтық альянсының президенті болды. «Жасыл» экономика және экология саласында танымал қоғам қайраткері бірнеше үкіметтік емес ұйымның негізін қалаған еді. Экономика ғылымдарының докторы. «Құрмет» оренінің иегері.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді