$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2020, 18:10
Қоғам

Қазақстанда 15 провизорлық стационар жабылды

Коронавирус бойынша жедел-жәрдем шақырушылар 50%-ға азайған

Қазақстанда 15 провизорлық стационар жабылды
Фото: ortcom.kz

Қазақстандағы 5 шілдеден бастан енгізілген қатаң карантин режимі оң нәтижесін берді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді.

«Бүгінгі таңда аурудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7%-ға пайызға төмендеді. Аурудан жазылғандардың саны 66%-ға жетті. Ауруханадағы жатын орындардың жүктемесі 90%-дан 40%-ға дейін түсті. Осыған байланысты 7 өңірде 15 қосымша провизорлық стационар жабылды. Олар - Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары»,- деді ол Орталық коммунтикациялар қызметіндегі брифингте.

Вице-премьердің айтуынша, жедел-жәрдем шақырушылардың саны 40%-ға, оның ішінде коронавирус бойынша 50%-ға, пневмония бойынша 35%-ға төмендеген. Шет елдерден 10 млн дәрі-дәрмек әкелініп, елдегі дәріханалар бір айға жететін қормен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік комиссия елдегі ахуалды одан ары жақсарту мақсатында карантин режимін тағы екі аптаға созу туралы шешім қабылдады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары