$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2020, 10:44
Қоғам

Түркістан облысында Бас санитар Құрбан айт күндеріне қатысты қаулы шығарды

Рұқсат етілмеген орындарда мал союға болмайды

Түркістан облысында Бас санитар Құрбан айт күндеріне қатысты қаулы шығарды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Құрбан айт мерекесі кезінде шектеу шаралары бойынша қаулы шығарды.

Қаулыға сәйкес, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жекеменшік үй иеліктерінде және медреселерде адамдар көп жиналатын ic-шаралар өткізуге тыйым салынады. Түркістан облысы аумағында рұқсат етілмеген орындарда мал союға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға болмайды. Сондай-ақ, 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Түркістан облысының орталық мешіті белгілеген құрбандық шалатын орындарды қоспағанда, мал сою орындарының жұмысы тоқтатылады.

Айта кетейік, пандемияға байланысты онлайн режимде www.qurban2020.kz сайтына өтінім беру арқылы құрбандық шалуға болады. Құрбандыққа шалынған мал еті тізім бойынша мұқтаж жандарға үлестіреледі. Мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған мал еті) тасымалдау және сақтау кезінде санитарлық- эпидемиологиялық талаптар толық сақталады.

Еске сала кетейік, 31 шілде – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары