«Жарты жыл ішінде 15,2 мың адам сотталған»: Қазақстанда алқабилердің алдына түсетін қылмыстық істер азайып жатыр
Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады
Қазақстанның Қылмыстық кодексіне енген түзетулерден кейін алқабилер қараған қылмыстық істердің саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есеге азайған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, Жоғарғы Сот 2026 жылдың бірінші жарты жылын қорытындылау үшін кеңейтілген кеңес өткізген.
Осы жиында белгілі болғандай, Қылмыстық кодекске енген өзгерістерден кейін алқабилер қараған қылмыстық істер азайған.
«Қылмыстық кодекске түзетулер енгеннен кейін алқабилер қараған істердің саны екі есе қысқарған. Яғни, 130 істен 68 іске дейін азайған», - деп хабарлайды Жоғарғы сот.
Ал, биыл соттарға келіп түскен қылмыстық істердің саны 1,9% кеміген.
«Осы аралықта 15,2 мың адам сотталған.Бұл – былтырмен салыстырғанда 3,1% аз», - деп хабарлайды Жоғарғы сот.