$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2020, 14:10
Қоғам

Қоғам қайраткері Мұсағали Дуамбеков дүниеден өтті

Марқұм бүгін таңертең көз жұмған

Қоғам қайраткері Мұсағали Дуамбеков дүниеден өтті
Фото: ашық дерек көздерінен

Белгілі эколог, қоғам белсендісі Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды. Бұл туралы экс-депутат Айгүл Соловьева Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін таңғы сағат 8-де менің досым, серіктесім және пікірлесім, қоғам белсендісі және азамат, нағыз адам, сүйікті әке және ұл Мұсағали Дуамбеков бұл әлемді тастап кетті! Иманды болсын!», - деп жазды ол.

Еске салсақ, Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков 1961 жылы 5 мамырда Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтының Қаратау филиалын, қазіргі Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің аспирантурасын бітірген. 100-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстың авторы. Техника ғылымының докторы, профессор. Оның «Қазақстан экологиясы», «Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігі», «Экологиялық менеджмент» т.б. кітаптары жарық көрген.

2001-2003 жылдары ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» ЖАҚ Техникалық департаменті директорының орынбасары;

2003-2004 жылдары Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола филиалының директоры;

2004-2005 жылдары «Жасыл ғаламшар үшін» экологиялық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

2007-2011 жылдары «Экологиялық таза тағам» журналының бас редакторы;

2011-2012 жылдары «Қарабура әулие мәдени орталығы» қоғамдық қорының президенті;

2012 жылдан бастап «Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының президенті қызметтерін атқарған.
 

Серіктес жаңалықтары