«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау 27 шілдеде басталады
Биыл үміткерлерді іріктеу ережесі өзгерді
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет. Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі. Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағылымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген», - деп жазылған хабарламада.
Министрлік үміткерлерге қажетті сілтемелер тізімін жариялады:
- Басымдыққа ие мамандықтар тізімі;
- Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тізімі;
- Құжаттарды дайындау бойынша ұсыныстар.
Айта кетсек, биыл «Болашақ» стипендиясына үміткер іріктеу ережесі өзгерді.