21.07.2020, 05:57
Қоғам
Білім грантына өтініш беру мерзімі ұзартылды
Білім беру грантына құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады
Фото: ашық дереккөзден
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш тапсыру мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Талапкерлердің өтініші бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:
- eGov арқылы (бейне нұсқаулықтар министрліктің желідегі парақшасында көрсетілген);
- ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұраққа жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).
Конкурстың нәтижесі 15 тамызға дейін белгілі болады.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 16:05
ТЖМ тікұшағы нәрестені Қызылордаға жеткізді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды