20.07.2020, 11:19
Қоғам
Мүфтият зейнет жасындағы кісілерді жаназа намазына қатыспауға шақырды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирус індеті кезінде жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты мәлімдеме жасады.
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі карантин іс-шараларын сақтай отырып, індеттің алдын алу мақсатында ел азаматтарын жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты талаптарды орындауға және дін қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетуге шақырады.
- Мәйітті жууды, кебіндеуді, жаназа намазын оқуды және қабірге қоюды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізуге;
- Жаназа намазына, жерлеу ісіне қатысатын адамдарға бетперде тағуға, қол алысып амандаспауға;
- Жаназа намазын ұзағымен 5 минут ішінде өткізуге, мәйітті жерлеп болғаннан кейін халықты көп ұстамай лезде қайтаруға;
- Зейнет жастағы кісілерге, денсаулығы нашар немесе ауырып жүрген адамдарға және мектеп жасындағы балаларға жаназа намазына қатыспауға;
- Жаназа намазына және қабір басында барлық қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмауға;
- Жаназа намазын қоғамдық орындарда өткізбеуге;
- Қабір басын көтеру, кесене салу және оны қоршау жұмыстарын тоқтатып, марқұмның басына белгі қоюмен шектелуге;
- Халықты жинап қонақасын өткізуді, жерлеу рәсімінен кейін ас беруді, жетісі, қырқы, жылы т.б. Құдайы астарды елімізде эпидемиологиялық жағдай толық тұрақталғанға дейін тоқтату ұсынылған.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды