$ 527.3  544.86  4.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.07.2020, 10:55
Қоғам

Шымкент қаласында 5,6 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

1214 дана дәрі-дәрмек тәркіленді

Шымкент қаласында 5,6 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан 3 жағдай анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара нәтижесінде, ҚР ДСМ «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығының талаптарын бұза отырып, дәріханаларда дәрі-дәрмектерді көтеріңкі бағамен сатудың үш фактісі анықталды», - делінген хабарламада.

Дәрі-дәрмектер тиісті рұқсат құжаттарсыз заңсыз сатылған. Тексеру барысында жалпы сомасы 5,6 млн теңгені құрайтын 1214 дана дәрі-дәрмек (амбро, амбробене, мегасев, ацикловир, цефазолин, цефтриаксон, анальгин, димедрол, анаферон, ремантадин, цефтриакс, зацеф, метрид, метронидазол, цепролет, ациклофир, виферон және т.б.) тәркіленген.

Жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты материалдар, сонымен бірге тәркіленген дәрі-дәрмектер ҚР заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тарту үшін Шымкент қаласы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді.

Серіктес жаңалықтары