27.04.2026, 13:29
Қоғам
«Жұмыстан жалтару үшін магистратураға түскен»: арнайы грант алғандардың тағы бір «былығы» әшкере болды
Бұл туралы бүгін ЖАП өкілі мәлім етті
Фото: istockphoto.com
Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин арнайы гранттар бойынша білім алып келіп, шарт бойынша міндетті жұмыс өтемеу үшін стипендия иегерлері қандай схема қолданғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Сонымен қатар, міндетті жұмыспен өтеуден жалтарудың магистратураға түсіп, кейін оқудан шығу арқылы жүзеге асырылатын қосымша схемасы да қалыптасқан. Тек осы санат бойынша мемлекетке келтірілген болжамды залал 10,8 млрд теңгеге бағаланады», - деді Каскин.
Айта кетейік, бүгін ол сондай-ақ министрлік 300-ден астам адамға өз қалауынша стипендия тағайындағанын, ал, жалпы, 2022-2024 жылдары 24 мыңнан астам азамат оқудан шығып қалғанын айтқан еді.
Көп оқылған
12.06.2026, 15:37
«Топтасып зорлаған»: Жамбыл облысында ақыл-есінде кемістігі бар жасөспірім қыз босанды
12.06.2026, 16:36
«Әйелім есінен танып қалды»: Жамбыл облысының тұрғыны полиция қызметкерін жұмысына дейін іздеп барған (ВИДЕО)
12.06.2026, 23:10
Сағыз ауылының полициясы Қытай азаматының қомақты ақшасын бір сағатта тауып берген (ВИДЕО)
12.06.2026, 15:41
Түркістан облысында ұлына қымбат көлігін беріп, дүкенге жіберген әке полицияға ұсталып қалды