Бүгін, 13:00
Қоғам

Қазақстанда екі жылда 24 мың студент оқудын шығып қалған, олардың біліміне мемлекет 19,6 млрд теңге бөлген

Ал олардан стипендияның құнын қайта қайтарып алу тетігі толыққанды жоқ

Қазақстанда екі жылда 24 мың студент оқудын шығып қалған, олардың біліміне мемлекет 19,6 млрд теңге бөлген
Фото: istockphoto.com

Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік грант ұтып алып, алайда, оқудан шығып қалған 24 мың студент туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин мәлім етті.

«Тәуекелдердің барынша күрделі бағыты оқудан шығару және міндетті жұмыспен өтеу тетіктерімен байланысты. 2022–2024 жылдары шамамен 24 мың студент оқудан шыққан, олардың оқуына 19,6 млрд теңге жұмсалған. Соның ішінде 10 мың студент бойынша жүйеде пайдаланылған гранттар сомасы туралы мәлімет мүлдем жоқ», - деп мәлім етті ол.

Бұл ретте, оның айтуынша, оқудан шығып қалған осы студенттер бойынша қаражатты қайтарудың толыққанды тетігі жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін ЖАП ғылым және жоғары білім министрлігі өз қалауы бойынша критерийге сай келмейтін 340 адамға «Болашақ» стипендиясын бергенін мәлімдеген еді.