19.07.2020, 15:26
Қоғам
Астанада сағат 23.00-ден кейін жүруге тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған – әкімдік
Бұған дейін түнгі 23.00-ден кейін жаяу жүруге тыйым салынатыны туралы ақпарат тараған еді
Фото: ашық дереккөзден
Бұған дейін елорда тұрғындары мен қала меймандарына бүгіннен бастап түнгі 23.00-ден кейін жаяу жүруге тыйым салынатыны туралы ақпарат тараған еді. Қала әкімдігі бұл ақпараттың жалған екенін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«2020 жылдың 3 шілдесінде жарияланған бұрынғы қаулы ережелері 2020 жылдың 2 тамызына дейін күшінде болады. Сонымен бірге қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысы әзірге жанданбайды», - деп хабарлады әкімдіктен.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады