$ 525.11  546.74  4.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2020, 16:31
Қоғам

Алматыда маска тағу тәртібін сақтамағандарға айыппұл салына бастады

Наурызбай ауданында маска тақпаған 24 адамға айыппұл салынды

Алматыда маска тағу тәртібін сақтамағандарға айыппұл салына бастады
Фото: ашық дереккөзден

Маска тағу тәртібін сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға айыппұл салына бастады. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын болдырмау үшін қабылданған қатаң шектеу шараларын бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады. Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаевтың айтуынша, аудан аумағында халық тарапынан маска тағу тәртібін бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

«Бүгінде карантин режимін бұзуға қатысты 41 әкімшілік материал толтырылды. Оның ішінде 24 жеке тұлғаға маска тақпағаны үшін және 14 кәсіпкерлік объектілеріне санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін айыппұл салынды», - деді Бағлан Дәндібаев.

Сондай-ақ, ол маска тағу тәртібін бұзған тұрғындардың да айыппұл төлей бастағанын атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары