$ 491.71  529.97  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2020, 21:46
Қоғам

Қарағандыда екі аптада карантин талаптарын бұзған 71 кәсіпорын анықталды

Кәсіпорын басшыларына 640 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Қарағандыда екі аптада карантин талаптарын бұзған 71 кәсіпорын анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда құрамына Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері кіретін мобильді топ пен Жедел әрекет ету орталығы бизнес нысандарының карантин ережелерінің сақталуын тексеру бойынша рейдтер өткізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«18 шілдеде мобильді топ «Спектр» түнгі клубының жұмыс істеп тұрғанын анықтаған. Тексеріс кезінде «Спектрдің» арт-алаңында жүзден аса адам болған. Тәртіп сақшылары мен БАҚ өкілдерін көре сала, олардың басым бөлігі клубтан кете бастаған. Алайда көңіл көтерушілер арасында полицияға бағынбай, БАҚ қызметкерлерінің жұмысына кедергі жасағандар да болды. Ереже бұзғандардың барлығы - шамамен 20 адам - Михайлов полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ рейд барысында «То место» кальян клубының карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрғаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Карантин талаптарын орындамаған көңіл көтеру орындарының басшыларына 640 мың теңге (230 АЕК) айыппұл салынуы мүмкін. Жалпы есептегенде 5 шілдеден бастап Қарағандыда карантин талаптарын орындамаған 71 кәсіпорын иесі әкімшілік жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары