Атырауда тағы бір дәрігер коронавирустан көз жұмды
Ол Атыраудағы коронавирустан қайтыс болған бесінші медицина қызметкері
№4 қалалық емхананың рентгенолог-дәрігері Нариман Ақпанов қайтыс болды. Ол Атыраудағы коронавирустан қайтыс болған бесінші медицина қызметкері, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.
Дәрігердің пневмониямен ауырғаны, кейін ПТР-тест COVID-19-да оң нәтиже көрсеткені белгілі болдв.
«Нариман Зұлпыхарұлы көп жылдар бойы біздің №4 емханада еңбек етті. Өзінің терең білімі мен біліктілігін науқастарды емдеуге арнады. Оның өткір әзілі мен адами парасаттылығы, әділдікті ту етіп, өз позициясын қорғай білуі қасиеті біз үшін әрдайым үлгі болатын», - деп жазды марқұмның әріптестері.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавируспен күресіп жүріп атыраулық төрт дәрігер қайтыс болған еді.