Бүгін, 12:35
Қоғам

«Арам өлген мал болуы мүмкін»: Magnum дүкенінен ет сатып алған әйел қорқынышты сурет көрсетті

Әйел еттен тамақ істеуге жүрексініп, оны лақтырып жіберген

«Арам өлген мал болуы мүмкін»: Magnum дүкенінен ет сатып алған әйел қорқынышты сурет көрсетті
Фото: скриншот

Алматыдағы Magnum дүкендерінің бірінен ет сатып алған Малика Садбекова еттің сапасына қатысты күмәнін жазып, суретін көрсетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Малика Садбекованың айтуынша, ол етті Гагарин көшесінің бойындағы Magnum дүкенінен алған.

«Кеше Гагарин көшесіндегі Magnum дүкенінен ет сатып алдыым. Еттің ішінен осындай дақ көрген соң тамақ істеуге жүрексініп, лақтырып жібердім. Бұның қандай дақ екенін кім біледі?», - деп жазған ол.

Бұл жазбаның астына пікір қалдырған дүкеннің өкілі Малика Садбековаға жеке хат та жазған екен. Дүкен өкілінің жазған хатына қарасақ, Magnum дүкенде сатылатын етті дұрыс тексеріп, қабылдап алатын көрінеді.

«Етті дүкен иесінің көзінше мүшелейді. Оны қызметкер тексеріп алады. Ал, бұл еттегі дақ табиғи дақ болуы мүмкін», - деп жазған желі өкілі.

Ал, бұл жазбаға пікір білдірген қасапшы «бұл не арам өлген малдың, не қаны ұйып қалған малдың, болмаса тірі кезінде алған гематома болуы мүмкін» деген пікірін жазған.

Редакция жалпы ірі супермаркеттерде сатылатын еттің сапасы, оны кім тексеретінін анықтау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның ішіндегі комитеттерге ресми сауал жолдадық.