Жаңбыр, найзағай: 23 сәуірде барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жаңбыр, найзағай: 23 сәуірде барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 23 сәуірге Астанада, Шымкентте және Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады. Найзағайлы жаңбыр, бұршақ, тұман күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада найзағай болады. Ақмола облысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батыста, солтүстікте, шығыста солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда түнде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Жел солтүстік-батыс, батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с. Петропавлда түнде жаңбыр, күндіз желдің екпіні 15–20 м/с.

Қостанай облысында күндіз батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғып, батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20 м/с. Түнде батысында, солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Түнде батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодарда жаңбыр, найзағай, таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с.

Қарағанды облысында түнде жаңбыр, найзағай, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с. Қарағандыда жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің екпіні 15–20 м/с.

Ұлытау облысында түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында күннің екінші жартысында батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысында, солтүстігінде оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Өскеменде күн соңына қарай жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с.

Абай облысында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с. Орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с.

Алматы облысында түнде батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Таулы өңірлерде түнде тұман түседі. Жел батыстан соғып, батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с.

Жетісу облысында күндіз жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Алакөл көлдері маңында солтүстік-батыс желі 15–20 м/с. Солтүстігінде, шығысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз жаңбыр, найзағай.

Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Таулы өңірлерде тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, желдің екпіні 15–20 м/с.

Түркістан облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауады. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Таулы өңірлерде тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с. Батысында жоғары, шеткі батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте жаңбыр, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, желдің екпіні 15–20 м/с. Түркістанда жаңбыр, найзағай, дауыл, желдің екпіні 15–20 м/с.

Қызылорда облысында оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде орталықта шаңды дауыл, дауыл болады. Жел солтүстіктен соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15–20 м/с. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай.

Ақтөбе облысында түнде шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15–20 м/с. Ақтөбеде күндіз желдің екпіні 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Атырау облысында батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай.