Пентагон: Ормуз бұғазын миналардан толықтай тазартуға жарты жыл уақыт кетеді

Бұл әрекет елдер арасындағы дауды ұзаққа созуы мүмкін

Пентагон: Ормуз бұғазын миналардан толықтай тазартуға жарты жыл уақыт кетеді
Фото: © istockphoto.com

Бұл жұмыс Иранмен соғыс толық аяқталғаннан кейін ғана басталуы ықтимал. Бұл туралы Пентагон өкілдері АҚШ Конгресіндегі жабық тыңдаулар барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

The Washington Post газетаның жазуынша, бұл жағдай АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әрекеттерінің экономикалық салдары жыл соңына дейін немесе одан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін екенін білдіреді.

Сондай-ақ, басылым бензин мен мұнай бағасы бейбіт келісім жасалғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде сақталуы ықтимал екенін атап өтті.

Осыған дейін Иран билігі АҚШ тарапынан жалғасып жатқан теңіз блокадасына жауап ретінде Ормуз бұғазын қайта жабатынын мәлімдеген. Стратегиялық маңызы бар су жолы енді Иран Қарулы күштерінің бақылауына өтеді.

Мақалада
#АҚШ #Иран #Израиль