Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні: үш ай ішінде Қазақстанда неше адам «махаббатқа сенгені» белгілі болды
«Азаматтарға арналған үкімет» ресми статистика ұсынды
2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 21 351 неке қиылған. «Азаматтарға арналған үкімет» бұл адамдарды «махаббатқа сенеді» деп, неке саны бойынша көш бастаған өңірлерді атады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Бүгін Қазақстанда Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні тойланып жатыр. Статистика деректеріне сәйкес, елімізде бірінші тоқсанда 21 351 неке тіркелген. Үйлену тойларының саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер: Алматы, Астана, Түркістан облысы, Шымкент және Қарағанды облысы. Бұл көрсеткіштер уақыт пен жағдайға қарамастан, қазақстандықтар махаббатқа сенетінін көрсетеді», - деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстанда 2025 жылы 115,9 мың неке тіркелген. Жалпы некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69 болған.