15.04.2026, 15:02
Қоғам

TikTok-тағы тікелей эфирінде басқа ұлтқа тіл тигізген Өскеменнің блогері изоляторға қамалды

Полиция оның аты-жөнін жария еткен жоқ

TikTok-тағы тікелей эфирінде басқа ұлтқа тіл тигізген Өскеменнің блогері изоляторға қамалды
Фото: pixabay

Өскемен қаласының полиция департаменті TikTok желісіндегі жеке парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып, сол эфирінде басқа ұлтқа тіл тигізіп, ұлтараздық алауыздық тудырғаны үшін изоляторға қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, бұл адамның әрекеті туралы арыз оның TikTok-тағы оқырманынан түскен.

«Полицияға арыз жазған әйел блогер өзінің әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерінің бірінде ұлтқа тіл тигізіп, сол ұлттың өкілдерін балағаттағанын айтты. Тергеу 35 жастағы блогердің бірнеше аккаунты бар екенін және сол аккаунттарының біріндегі ткелей эфир кезінде «батл» жасағанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, ол мас күйінде өзге ұлт өкілдеріне тіл тигізіп боқтаған», - деп хабарлайды полиция.

Видеоматериалға психологиялық-филологиялық анализ жасаған полиция оның сөздерінен ұлтаралық араздықтың белгілері бар деп таныған. Сондықтан, блогер изоляторға қамалып, оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталған.