06.04.2026, 15:40
Қоғам
Шу қаласының тұрғыны TikTok-та «отырып» көршісін жамандаған – оның ісі сотта қаралды
Тараптар сот барысында татуласқан
Фото: pixabay
Жамбыл облысы Шу ауданының соты «TikTok» желісіндегі жеке парақшасында көршісін жамандағаны үшін істі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл соттарының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Шу қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы көршісінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқан. Басылымда жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат бар.
«Сотта ол кінәсін ішінара мойындаған, көршісінен кешірім сұраған. Жәбірленуші істің мән-жайын растап, алайда азаматша А.-мен татуласқанын мәлімдеп, іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұраған. Сот тараптардың пікірін тыңдай келе, іс өндірісін тоқтатқан», - деп хабарлайды Жамбыл соттары.
Қаулы заңды күшіне енді.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
19.08.2026, 11:54
ШҚО-да экс-сүйіктісін үш ай бойы аңдып, күні-түні маза бермеген ер адам ақыры сотталып тынды
19.08.2026, 16:50
«Жүрегің ауырады»: Бас мүфти Жамбыл облысындағы жас келіншектің өлімінен кейін мәлімдеме жасады
20.08.2026, 00:16
Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 20 тамызда дауылды ескерту жарияланды