Бүгін, 15:21
Қоғам

Қазақстан мен Еуропа Одағы арасында визасыз режим: келіссөз қашан аяқталады

ЕО-мен визасыз режим туралы мәселе осы жыл ішінде шешіліп қалуы мүмкін

Қазақстан мен Еуропа Одағы арасында визасыз режим: келіссөз қашан аяқталады
Фото: © istockphoto.com / alexis84

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропа Одағымен визасыз режим бойынша келіссөздер қандай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы жыл ішінде түпкілікті келісімге қол жеткізе аламыз деп үміттенеміз. Негізінде, біз қазір финалдық кезеңге келіп қалдық. Бірақ бұл халықаралық қатынастар мәселесі, кез келген келіссөз кімнің жеңетіні туралы емес, екі тараптың өзара келісім мен консенсусқа қалай қол жеткізе алатыны туралы», – деді Көшербаев Мәжіліс кулуарында.

Министр қос тарап үшін визасыз режимді қауіпсіз және өзара тиімді енгізуді қамтамасыз ететін келісілген шарттар мен форматты әзірлеу басты мақсат екенін атап өтті.