16.03.2026, 11:25
Қоғам
«Үш жүз он ұл мен 275 қыз»: Конституция қабылданған күні Қазақстанда неше сәби дүниеге келді
Сәбилердің арасында үшем мен егіздер бар
Фото: ДСМ
Кеше, 15 наурыз күні Қазақстанның өңір-өңірінде 585 бала дүние есігін ашқан. Бұл статистиканы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, елдегі перзентханаларда 585 бала туған. Олардың ішінде Ақтөбе мен Түркістан облыстарында туған екі егіз бар.
«Жаңа туған нәрестелердің 310-ы ұл және 275-і қыз бала. Дәрігерлер жаңа босанған аналар мен сәбилерге жан-жақты күтім жасап, оларды бақылауына алды», - деп хабарлайды ДСМ.
Айта кетейік, кеше хабарлағынымыздай, Маңғыстау тұрғындары референдум күні туған ұлына «Атазаң» деп ат қойған.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
Бүгін, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды