«Қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 14% азайған»: Алматыда мың жарымға жуық онколог кездесті
Ал, қатерлі ісіктен кейін бес жыл өмір сүретін қазақстандықтардың саны 65 пайызға артқан
Алматы қаласында Қазақстан онкологтары мен радиологтарының X Халықаралық съезі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Форумды Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған. Съезд жұмысына 1400-ден астам маман қатысқан көрінеді. Онлайн режимде қатысқан мамандардың арасында АҚШ, Германия, Италия, Қытай, Ресей, Түркия, сондай-ақ Орталық Азия мен Кавказ елдерінің сарапшылары бар.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайту үшін нақты шаралар қабылдағанын және соның арқасында өлім-жітім азайғанын хабарлады.
«Радиациялық және протондық терапияны, ядролық медицина технологияларын және жасанды интеллектті енгізудің арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім 14% төмендеді, ал бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65% дейін жетті», – деген Әлназарова.